Оралда 2 жасар қыз үй ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды

0
878

Абылайхан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласындағы дәретханадан Ә. есімді 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды.


Оралда 2 жасар қыз үй ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды

ERNUR.KZ. Орал қаласының аумағындағы Деркөл ауылында 2 жасар сәби үй ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқиға 21 шілде күні сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болды. Абылайхан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласындағы дәретханадан Ә. есімді 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды. Ол үйінің ауласында ойнап жүргенде дәретхана шұңқырына құлаған. Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген ойнап жүрген балалар, дереу ата-анасына хабарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенімен, қыз бала жан тәсілім еткен. Аталған факт СДБТ-ға жазатайым оқиға ретінде тіркелді», - делінген ресми хабарламада.