Оралда 88 жастағы зейнеткерді өзінің иті талап өлтірді

0
1 528

1930 жылғы әйелді өзінің иті талаған. Үйде жалғыз өзі тұратындықтан, марқұм қансырап, көз жұмған.


Оралда 88 жастағы зейнеткерді өзінің иті талап өлтірді

Орал қаласында 88 жастағы зейнеткерді өзінің иті талап өлтірді, - деп жазады ERNUR.KZ inform.kz.-ке сілтеме жасап.

Орал қалалық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, оқиға бүгін түнде Некрасов көшесі 48-үйде болған. 1930 жылғы әйелді өзінің иті талаған. Үйде жалғыз өзі тұратындықтан, марқұм қансырап, көз жұмған. Орал қалалық ветеринариялық стансасынан түскен мәліметке қарағанда, иттің көзі жойылып, тексерілу үшін зертханаға жіберілді. Оның қорытындысы бір-бір жарым айда шығады.