Оралда ағайынды жігіттер Жайық өзеніне батып кетті

0
529

1991 және 2003 жылғы ағайынды жігіттердің денесі судан шығарылды.


Оралда ағайынды жігіттер Жайық өзеніне батып кетті

ERNUR.KZ. Оралда ағайынды жігіттер Жайық өзеніне батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 8 шілде күні қалаға қарасты Меловые горки кенті аумағында болды.

«Сағат 17.35-те екі адамның жабдықталмаған жерден Жайық өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті. Жедел құтқару жасағының күшімен іздестіру жұмыстары барысында 1991 және 2003 жылғы ағайынды жігіттердің денесі судан шығарылды. БҚО ТЖ департаменті суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, биыл осыған дейін 5 адам суға кеткен болатын. Өткен жылы осы мерзімде 12 адам суға кетсе, соның төртеуі балалар еді.