Оралда ағасы інісін пышақтап өлтірді

0
701

Ағасы інісіне үш рет пышақ сұққан.


Оралда ағасы інісін пышақтап өлтірді

ERNUR.KZ. Оралда ағасы інісін пышақтап өлтірді, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 ақпан күні сағат 18.00 шамасында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы көп қабатты үйлердің бірінде орын алды.

Ішімдік ішу барысында 1973 жылғы ағасы 1981 жылғы інісімен сөзге келген. Соның салдарынан ағасы інісіне үш рет пышақ сұққан.

Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Үйде екеуінің анасы да болған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті сол күні уақытша ұстау изоляторына қамалды.