Оралда автобус жүргізушілері ереуілге шықты

0
651

Қала тұрғындары аялдамада автобусты сағаттап күтуге мәжбүр болды.


Оралда автобус жүргізушілері ереуілге шықты

ERNUR.KZ. Оралда 2 және 22-ші бағдардың автобус жүргізушілері ереуілге шықты. Қала тұрғындары аялдамада автобусты сағаттап күтуге мәжбүр болды, деп жазады sputnik.kz.

"Батыс Қазақстан автобус паркі" ЖШС әкімшілігі мен жүргізушілер арасында жанжал туды, дейді қала әкімінің орынбасары Асхат Құлбаев.
"ЖШС әкімшілігі кондукторлардң жұмысын тексерді. Бұған негіз бар, көбінесе кондукторлар төлемді қолма-қол қабылдайды және билет бермейді. Бірнеше жүргізуші мен кондукторларға бұл тексеріс ұнамай қалып, ереуілге шықты", - дейді әкімдік.
Жүргізушілердің ереуіліне қала әкімдігінің өкілдері мен БҚО автобус паркі ЖШС басшылары келді.
Құлбаевтың айтуынша, жанжал ішінара реттеліп, жүргізушілер өз бағыты бойынша белгіленген 6 минут аралықпен шығып жатыр.
Кешке сағат 22:00-де ЖШС әкімшілігі жанжалды шешу үшін жалпы жиын өткізеді.