Оралда Башқұрт университетінің өкілдігі ашылды

0
351

Екі оқу орны арасындағы достық 2010 жылдан бастау алады.


Оралда Башқұрт университетінің өкілдігі ашылды

ERNUR.KZ. Оралда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің базасында Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінің өкілдігі ашылды, деп жазады sputnik.kz.

Өкілдік 2021 жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Башқұртстан Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру аясында ашылды, деп хабарлайды Уфа университетінің ресми сайты.

Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы федерация кеңесінің ғылым, білім және мәдениет комитетінің төрағасы Лилия Гумерованың айтуынша, қазір Уфа мұнай университетінде әлемнің 52 елінен 1500 шетелдік студент білім алып жүр. Оның 25% қазақстандық студенттер.

Екі оқу орны арасындағы достық 2010 жылдан бастау алады. Сол кезде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге және университеттер арасында инновациялық білім беру консорциумы туралы келісімге қол қойылды.