Оралда бес жасар баланы өртеп жіберген

0
928

Алдымен, екі бала ойнап жүріп, үшіншісін өртеп жіберген деген әлеуметтік желіде дақпырт тарады.


Оралда бес жасар баланы өртеп жіберген

ERNUR.KZ. Оралда бес жасар бала өртеніп кете жаздады. Оқыс оқиға қаланың Солтүстік-Шығыс ықшамауданындағы 19 үйдің ауласында орын алған, деп жазады Zakon.kz.

Алдымен, екі бала ойнап жүріп, үшіншісін өртеп жіберген деген әлеуметтік желіде дақпырт тарады. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 20 тамызда 16:10 уақытында жедел жәрдемге осындай мәліметте шақырту түскенін растады.

- 2012 жылғы бала күйікпен келіп түсті. Бір бала оның киіміне от қойған. Күйіктің көлемі 3-6 процент. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызуды керек етпеді. Емханаға қаралып тұруға кеңес беріліп, ол бала үйіне жіберілді, - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Полицияның баспасөз қызметі де бұл мәліметті растады.

- Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, кінәлі адам табылды, жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Белгілісі, ер адам баланың үсті жанып жатқанын көріп, отты өшіріп, оның мәйкісін шешіп алуға көмектескен, - дейді БҚО полиция департаментіндегілер.