Оралда блокпостар қойылды

0
529

​Аймақтағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шаралары күшейтілуде.


Оралда блокпостар қойылды

ERNUR.KZ. БҚО бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысына сәйкес 1 мамырдан бастап Орал қаласына кіру және шығу периметрі бойынша, сондай-ақ Ақжайық, Бөрлі, Казталовский, Теректі, Шыңғырлау мен Бәйтерек аудандарыучаскелерінде блокпостар орнатылды, деп жазады inbusiness.kz.

Блокпостардағы жағдай тыныш. Полиция қызметкерлері блокпостарда кезекшілік етеді. Олар адамдардың рұқсат қағаздары мен stopcоvid.kz сайтында тіркелуін тексереді.

«Барлығы әдеттегідей өтіп жатыр, әлі ешқандай тосын жағдай болған жоқ. Адамдар құжаттарды тексеруге түсіністікпен қарайды. Бірнеше машинаны қалаға кіргізбеуге тура келді, оларға рұқсат болмады, адамдар бұрылып кетіп қалды», - деді полиция қызметкері Бақдәулет Кәрімов.