Оралда дәретхана шұңқырына құлап кеткен ер адам қайтыс болды

0
575

1989 жылы туған ер адам қайтыс болды.


Оралда дәретхана шұңқырына құлап кеткен ер адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Септикке құлап кеткен оралдық жігіт ауруханада қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 20 наурыз күні таңертең болды. Ер адам Шолохов көшесіндегі дәретханасына түсіп кеткен.

"БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 20 наурызда 1989 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өлімнің нақты себебі кейінірек белгілі болады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам күкіртсутектен уланған", - делінген хабарламада.