Оралда дене шынықтыру сабағында 3-курс студенті қаза тапты

0
530

Дене шынықтыру сабағында студент кенет есінен танып құлаған.


Оралда дене шынықтыру сабағында 3-курс студенті қаза тапты

ERNUR.KZ. Оралда дене шынықтыру сабағында Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті Уәлихан Нұрлыбекұлы қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Жігіттің өлімі туралы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы хабарлады.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте болған. Дене шынықтыру сабағында студент кенет есінен танып құлаған.

"Мұғалім мен медбике алғашқы көмек көрсетті. Жедел медициналық жәрдем бригадасы да студентті реанимациялауға тырысты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қанша тырысқанымен жігіт қайтыс болды. Басқарма студенттің ешқандай соққы мен жарақат алмағанын, белгісіз себеппен құлағанын айтты.