Оралда екі ер адам ресейлік азаматты тонап кеткені үшін жеті жылға сотталуы мүмкін

0
659

Өткен аптаның сәрсенбісінде Орал қаласының 28 және 30 жастағы тұрғындары қалаға келген ресейлікке шабуыл жасаған.


Оралда екі ер адам ресейлік азаматты тонап кеткені үшін жеті жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Оралда екі ер адам 26 жастағы ресейлік азаматтың ірі сомадағы рубль мен теңгесін тонап кеткен. Қалаға келген шетелдік азаматқа шабуыл жасаған екі күдіктіні полиция қызметкерлері қолға түсірді, деп жазады stan.kz.

Полицияның мәліметінше, өткен аптаның сәрсенбісінде Орал қаласының 28 және 30 жастағы тұрғындары қалаға келген ресейлікке шабуыл жасаған. Олар оны қорқытып, 26 жастағы жігіттен ақша (170 мың теңге және 17 мың рубль) алып, банк шотынан 15 мың рубль [шамамен 115 мың теңге] ақшасын аудартып алған.

Жәбірленуші полицияға шағым түсіріп, тәртіп сақшылары шабуыл жасағандарды тапты. Ұсталған екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олар "жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірмейтін зорлық-зомбылық қолданып немесе осындай зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқыту арқылы жасалған тонау" үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.