Оралда ер адам балалардың көзінше итті пышақтап өлтірді

0
224


Оралда ер адам балалардың көзінше итті пышақтап өлтірді

ERNUR.KZ. Орал қаласында ер адам балалардың көзінше итті пышақтап өлтірді, деп жазады stan.kz.

Instagram әлеуметтік желісінде жануарларды қорғау жөніндегі Inucobo қауымдастығы мәлім еткеніндей, ер адам пышақпен қалада еркін серуендеп жүрген.

"Бәрі балалардың көзінше болды. Волонтерлар шағым түсірді, бірақ олар полиция қызметкерлерінің істі жан-жақты қарағысы келмеуіне наразы", делінген жазбада.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 5 тамызға қараған түні сағат 00.30-да Гагарин көшесі 36/2-мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында болғанын жеткізді.

"Ер адам итті пышақтап өлтірген. Қабылданған шаралар нәтижесінде күдікті анықталды. Орал қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК 316-бабына (жануарларға қатыгездiкпен қарау) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде", деп хабарлады ведомстводан.