Оралда ер адам футбол матчында қайтыс болды

0
448

Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында "Ақжайық" стадионында болған.


Оралда ер адам футбол матчында қайтыс болды

ERNUR.KZ. Оралда ер адам футбол матчында қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында "Ақжайық" стадионында болған. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Денис Нығматуллиннің айтуынша, стадионда 50 жастан асқан ардагерлер арасында республикалық спартакиада өткен. Алаңда Қызылорда және Түркістан облыстарының командалары ойнаған.

"Ойын барысында Қызылорда облысынан келген бір ойыншы ауырып қалды. Ер адам құлап, есінен танып қалды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, өкінішке қарай, ол қайтыс болды, - деді Денис Нығматуллин.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, медициналық жәрдем станциясына қоңырау 11.54-те түскен. Келгеннен кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтаған. Марқұм 59 жаста еді. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама көрсетеді.