Оралда қаскүнемнің сатушыға пышақ салған сәті видеоға түсіп қалған

0
324

Ол сатушының арқасынан екі рет пышақтап, қарап тұрған телефонын алған да, қашып кеткен.


Оралда қаскүнемнің сатушыға пышақ салған сәті видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Оралдағы ұялы байланыс салонына жасалған шабуыл туралы тың деректер шықты. Желіде жарияланған видеода дүкенге келуші сатушыға бірнеше рет пышақ сұққаны көрінеді. 31 жастағы кәсіпкер әлі де ауыр жағдайда жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Видеодан 23 наурызда "Мобильник" ұялы байланыс салонына ер адамның кіргенін көруге болады. Ол сатушымен сөйлесіп, телефондар мен оның аксессуарларын көрсетуді сұрайды. Сатушы артқа бұрыла бергенде қаскүнем пышағын шығарып, беліне бірнеше рет сұққан.

"Оған дейін қылмыскер дүкенде 40 минут бойы жүрген. Телефон таңдап жатқандай болыпты. Ол сатушының арқасынан екі рет пышақтап, қарап тұрған телефонын алған да, қашып кеткен. Ер адам осындай қылмысы үшін үш рет сотталғанын білдік. Ол бұл шабуылға дайындалған", - деді зардап шегушінің танысы Владимир.



31 жастағы сатушы қалалық көпсалалы аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін төрт сағат бойы арпалысты. Пациенттің қолқасы зақымданып, көп қан жоғалтқан.

"Науқасқа ота жасалды. Жағдайы ауыр. Хирургия бөліміне ауыстырылды. Өзіне келді, өзі дем ала алады", - дейді қалалық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Бақтияр Ташкенбаев.

Полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ұсталған күдікті полиция басқармасында уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет