Оралда қатты аяз салдарынан мектептерде сабақ болмайды

0
1 310

​Қатты аязға байланысты Орал қаласындағы мектептерде бірінші ауысымның 1-9-сыныптарында сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» .


Оралда қатты аяз салдарынан мектептерде сабақ болмайды

фото: 24.KZ

Қатты аязға байланысты Орал қаласындағы мектептерде бірінші ауысымның 1-9-сыныптарында сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» .

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ауа температурасы жергілікті сағат 07.00-де минус 27 градусты көрсетті. Осыған байланысты сабақтың болмайтыны жөнінде ескерту жасалды.

Желдің жылдамдығы - секундына 3 метр. Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері күн суытып тұр.