​Оралда кезекшілікте тұрған тәртіп сақшысын атып кетті

0
813

Қаза тапқан қызметкердің 2001 жылғы азамат екені белгілі.


​Оралда кезекшілікте тұрған тәртіп сақшысын атып кетті

ERNUR.KZ. Оралда Полиция департаменті ғимаратында кезекшілікте тұрған тәртіп сақшысын атып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп жазады exk.kz.

"Мой ГОРОД" ақпараттық сайтының мәліметінше, оқиға таңғы сағат сегіздер шамасында болған. Қаза тапқан қызметкердің 2001 жылғы азамат екені белгілі.

БҚО Полиция департаментінде де, Прокуратурада да бұл жағдайға байланысты ештеңе айтылмады.

Сағат 11:00-де арнайы брифинг өткіземіз дегенімен, оның да уақыты кейінге шегеріліп отыр.

Қазіргі уақытта криминалистер оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізуде. Ғимарат лентамен қоршалған. Ешкімді жақындатар емес.