Оралда кинотеатр директоры Ресейден қашқандарды кино залына түнеуге шақырды

0
507

CinemaPark кинотеатры директорының айтуынша, Ресейден келіп жатқандардың көптігіне байланысты Оралда баспана бағасы көтеріліп, оны жалға алу қиындап кеткен.


Оралда кинотеатр директоры Ресейден қашқандарды кино залына түнеуге шақырды

ERNUR.KZ. Оралда кинотеатр директоры Ресейден қашқандарды кино залына түнеуге шақырды, деп жазады Tengrinews.kz.

CinemaPark кинотеатры директорының айтуынша, Ресейден келіп жатқандардың көптігіне байланысты Оралда баспана бағасы көтеріліп, оны жалға алу қиындап кеткен.

"Қала көшелерінен баспана іздеген Ресей Федерациясының азаматтарын көріп жүрміз, бізге келіңіздер. Ұялмаңыздар! Сіздерді кинотеатрдың әкімшісі күтіп алады Біз залды босатып береміз. Біз бәрін түсінеміз”,- деді кинотеатр директоры.