Оралда күзетшілер ер адамды өлгенше сабаған: тағы бір адам қамауға алынды

0
410

Қайғылы оқиға былтыр желтоқсанда болған.


Оралда күзетшілер ер адамды өлгенше сабаған: тағы бір адам қамауға алынды

ERNUR.KZ. Оралда 32 жастағы Қуаныш Ахметовты өлгенше сабаған күзетшілердің соты қайта басталды. Ер адамды полиция жаңа жылдық корпоративтен алып кеткен. Кейін оның жедел жәрдем көлігенде қаза тапқаны белгілі болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бастапқыда іс Орал қалалық сотында қаралған. Айыпталушы тарапында екі адам - "Сова" жеке күзет агенттігінің бұрынғы қызметкерлері Абзал Әділов пен Аян Кафизов. Күдіктілерге "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және ҚР ҚК-нің 252-бабы "Жеке күзет қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы" бойынша айып тағылды. Бірақ қыркүйекте іс прокуратураға қайтарылған. Сотталушыларға ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша айып тағылды.

Жаңа процесс Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Шараинуллинаның төрағалығымен өтті. Айыпталушы тарапқа тағы бір сотталушы Әбутәлі Қонысқали қосылған. Оны сот отырысы барысында қамауға алды. Бұл туралы жәбірленуші тарапты қорғау және мемлекеттік айыптау өтініш білдірді. Бұрынғы күзетші қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталды.

"Соттан бауырымның өліміне кінәлілерді заңның барлық қатаңдығы бойынша жазалауды сұраймыз. Марқұмның артында әйелі мен бір жарым жасар қызы қалды. Айыпталушылар мас күйінде Қуанышты өлгенше сабаған. Олар қолын жұлып, көзін ағызып, жағын және мұрынын сындырды. Бұл әдейі жасалды. Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бауырымды жиыннан алып кеткен полицейлерге қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, БҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы тағы 7 қылмыстық іс қозғады", - деді марқұмның әпкесі Бақыт Ахметова.

Айта кетейік, қайғылы оқиға былтыр желтоқсанда болған. Корпоративтен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген. Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады. Ер адам жедел жәрдемде қаза болды.

Осы оқиғаның егжей-тегжейін жариялағаннан кейін бірнеше полиция қызметкері лауазымынан шеттетіліп, БҚО Полиция департаменті бастығының екі орынбасары қатаң сөгіс алған еді.