Оралда өгей әкесі 13 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді

0
817

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті осы жағдайға қатысты пікір білдірді.


Оралда өгей әкесі 13 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Оралда өгей әкесі 13 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы Facebook желісіндегі "Не молчи" қоғамдық қорының парақшасында айтылады.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Әдеттегі жағдай, әйелі мен балаларын ұрып-соққан, ал қызын 1,5 жыл бойы зорлап келген. Бір күні әйелін өлгенше ұрып-соққан, тіпті ол есін жоғалтқан. Қызы анасы қайтыс болды деп ойлап, өгей әкесінен қатты қорқатынын айтқан. Әрі қарай қалай өмір сүреміз деп айтқан", - делінген жазбада.

БҚО полиция департаментінің өкілі бұл жағдайдың бақылауда екенін айтады.

"Қыздың анасы ер адамның оны бірнеше рет ұрғанын айтты, бірақ одан кейін полиция жүгінбеген. Өйткені ол қорыққан. БҚО полиция департаментінің басшысы Махсудхан Аблазимов азаптаудың әрбір жағдайы бойынша арыз жазуға кеңес беріп, соның негізінде тергеу жүргізілетінін атап өтті. (...) Полиция өз тарапынан жәбірленушілерге қолданыстағы заңнама аясында барлық қажет көмекті көрсетеді", - деді полиция өкілі.