Оралда өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің мәйіті табылды (видео)

0
1 012

Әйелдің денесін винт бөлшектеп турап тастаған.


Оралда өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің мәйіті табылды (видео)

ERNUR.KZ. Оралда өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің мәйіті табылды. Оның суға аққан дене мүшелері екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Болжам бойынша, 41 жастағы келіншек шомылу кезінде моторлы қайықтың астында қалып қойған, деп хабарлайды ktk.kz.

Қайғылы жағдай сенбі күні түнгі 11 шамасында Шаған өзенінде болған. Жергілікті тұрғын су көлігінің астына түсіп қалса керек. Оның денесін винт бөлшектеп турап тастаған. Басы мен екі қолы әлі табылмай жатыр. Моторлы қайықтың кімге тиесілі екені де белгісіз. Иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Содан бері таптырмай жүр. Қазір күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ал дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу басталды.


- Қайықтан құлап кетті ме, әлде шомылып жүрген жерінен үстінен басып өтті ме, ол жағын полиция анықтайды. Ал біз марқұмның дене мүшелерін ісдестіріп жатырмыз. Айта кетейін, осыған ұқсас жағдай 5-маусымда да болған, - дейді БҚО ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев.