Оралда сорғы стансасында құбыр жарылып, екі жұмысшы кәріз суына батып кетті

0
505

1971 және 1982 жылғы жұмысшылары оқиға орнында көз жұмған.


Оралда сорғы стансасында құбыр жарылып, екі жұмысшы кәріз суына батып кетті

ERNUR.KZ. Оралда сорғы стансасында құбыр жарылып, екі жұмысшы кәріз суына батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Исатай-Махамбет көшесіндегі 2-кәріздік сорғы стансасында болды.

«Жедел жәрдем сағат 11.11-де шақырылды. Кәріздік сорғы стансасындағы жөндеу жұмыстары кезінде шахтада құбыр жарылған. Соның салдарынан «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 1971 және 1982 жылғы жұмысшылары оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ведомстводан.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, қазіргі кезде тиісті органдардың жұмыстанып, қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.

Қазіргі кезде 2-кәріздік сорғы стансасындағы апат салдарынан Орал қаласының орталық бөлігінде және Зачаган кентінде су жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.