Оралда тергеу изоляторында қамауда болған ер адам көз жұмды

0
369

Ер адам ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Кісі өлтіру" бойынша айыпталып, тергеу изоляторына қамалған.


Оралда тергеу изоляторында қамауда болған ер адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Орал қаласында тергеу изоляторына тоғытылған ер адам көз жұмды. Марқұмның жасы 63-те, деп жазады zakon.kz.

Ер адам ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Кісі өлтіру" бойынша айыпталып, тергеу изоляторына қамалған. БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өлімнің алдын-ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы", деп нақтылайды ведомство баспасөз қызметі.

2022 жылдың тамызында Оралдағы тергеу изоляторы қызметкерлері азаптау, ұрып-соғу күдігіне ілінген болатын. Оларға ҚР ҚК-нің 146-бабы, "Азаптау" бойынша айып тағылған еді.

Айта кетсек 2023 жылы 1 желтоқсанда Шымкентте тергеу изоляторында қамауда болған 29 жастағы күдікті қайтыс болды. Ер адам ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бұдан кейін марқұм жігіттің анасы желіде видео жариялады.