Оралда үшінші қабат терезесінен құлап кеткен 5 жасар бала ауруханаға жатқызылды

0
635

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 11.06-да С.Есқалиев көшесі 227-мекенжайында орналасқан бес қабатты үйде болды.


Оралда үшінші қабат терезесінен құлап кеткен 5 жасар бала ауруханаға жатқызылды

ERNUR.KZ. Оралда үшінші қабат терезесінен құлап кеткен 5 жасар бала ауруханаға жатқызылды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 11.06-да С.Есқалиев көшесі 227-мекенжайында орналасқан бес қабатты үйде болды.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 жылғы бала үшінші қабаттан құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша баланың жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оң иығы шыққан», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ток соққан екі ер адамның жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.

Жансақтау бөлімінде жатқан ер адам өткен сенбі күні көз жұмды.

Қазіргі кезде бұл оқиға бойынша комиссия тексеру жұмыстарын жүргізуде.