Оралда жалғызбасты ана үш баласымен аялдамада түнеп жүр

0
554

Әйелдің барар жері болмағандықтан балалармен бірге аялдамада түнеген.


Оралда жалғызбасты ана үш баласымен аялдамада түнеп жүр

ERNUR.KZ. Оралда жалғызбасты ана аялдамада түнеп шықты. Термометр бұл күндері аймақта минус градустан төмен көрсеткіш көрсеткен, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, БҚО полиция департаментінің қызметкерлері тексеріс кезінде Ет комбинаты аумағындағы аялдамада жатқан балалы әйелді байқаған.

"Әйелдің барар жері болмағандықтан балалармен бірге аялдамада түнеген. Олар полиция бөліміне жеткізіліп жауап алынды. Кейін төрт жастағы екі егіз бала Қолдау орталығына, 11 айлық ұлы ауруханаға жатқызылып, әйелге жұмысқа тұруға көмек көрсетілді", - деп түсіндірді ведомство өкілі.Полицейлер балалардың анасының ішімдік ішпейтінін айтты. БҚО денсаулық сақтау басқармасы сәбидің жағдайы қанағаттанарлық деп хабарлады.