Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр

0
884

Бензинді ірі стансалар ғана сатып жатыр.


Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жанармай дағдарысы әлі реттелген жоқ. Бүгінде өңірдегі жекелеген май құю бекеттері бензин сатуды мүлдем тоқтатқан. Ал облыстың шалғай аудандарында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 200 теңгеге жетті. Қазір қалада жұмысын тоқтатқан жанармай бекеттерінің саны көбейген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.


Бензинді ірі стансалар ғана сатып жатыр. Сатушылар азайғасын соң, баға да қымбаттапты. АИ-92 маркалы бензиннің литрі 160-175 теңге аралығында. Ал облыстң шалғай аудандарында, литрі 200 теңгеге бір-ақ жеткен.

- Бензинннің қымбаттағаны ештеме емес, кейбір заправкаларда жоқ, "талонмен" деп солай жазып қойыпты. Енді қазір көктем уақыты, ауыл шаруашылығы жұмыстары бар, дачалар бар. Қазір нағыз соған керек бензин. Оның неге жоқ болып жатқаны, неге қымбаттатып жатқаны, ол енді біріншіден халықтың қалтасына ауыр түседі енді, - дейді Орал қаласының тұрғыны Манарбек Кушалиев.

- Бір апта бұрын қаладағы май құю бекеттерінің бірі бағаны өсіруі мұң еді, қалғандары да соған ілесті. Тіпті бензин азайып, тапшы бола бастады. Жалпы, біздің экономикамыз қызық. Мұнай қымбаттаса, бензин де қымбаттайды. Бірақ мұнай арзандаса, бензин сол қымбат бағамен сатыла береді, - дейді Орал қаласының тұрғыны Роман Копняев.

Өңірге қажетті жанармай осыған дейін көршілес Атырау мен Ресейден жеткізілетін. Көрші облыстағы зауыт жөндеу жұмыстарына жабылғасын, бензиннің азайғанын жергілікті шенеуніктер де мойындайды.

- Энергетика министрлігінің хабарлауы бойынша, Атыраудағы зауыт 24-сәуірде жұмыстарын бітіреді екен. Қазіргі уақытта көлемдер Шымкент зауытынан әкелінуде. Бұл енді өзінара бағаның қымбатсуына әкелініп отыр. АЗС-тар бар жабық. Ол қалада. Қалада жабықтар бар, ауылда да жабылып жатқандар бар, көлемдері жоқ, - дейді БҚО ТҮКШ басқармасының басшысының орынбасары Бейімбет Мусин.

Сала өкілдері Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты іске қосылғасын, жағдай реттелер деген үмітте. Бірақ бензин тасымалы қайтадан жолға қойылғанша да біраз уақыт қажет. Әрі бағаның қалай құбыларын ешқайсысы тап басып айта алар емес.