​Оралдағы мектеп-интернатта бір күнде 12 бала ауырып қалды

0
380

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға орнына жедел жәрдемнің шақырылмағанын жеткізді.


​Оралдағы мектеп-интернатта бір күнде 12 бала ауырып қалды

ERNUR.KZ. Оралдағы мектеп-интернатта бір күнде 12 бала ауырып қалды, деп жазады ҚазАқпарат .

Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірованың айтуынша, оқиға М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында 4 сәуір күні кешкісін орын алды.

Сағат 19.30-да 12 оқушы жағдайының нашарлағанын айтып, шағымданғаннан кейін мектептің медициналық изоляторына жатқызылған. Мектеп дәрігерлері барлық ем-шараны қабылдап, балаларды бақылауға алды. Осы мектеп бекітілген №6 емханадан жұқпалы аурулар дәрігері шақыртылды.

Балалардың жағдайы қанағаттанарлық.

«5 сәуір күні сағат 16.30-дағы жағдай бойынша изоляторда жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) диагнозымен үш оқушы қалды. Қалғандары интернатқа ауыстырылды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Ү.Жәңгірова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға орнына жедел жәрдемнің шақырылмағанын жеткізді.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет