Оралдағы психоневрология диспансердің емделушілері жертөледе жатқан - видео

0
503

Емделушілер суық бетонда қалың киіммен ұйықтауға мәжбүр болған.


Оралдағы психоневрология диспансердің емделушілері жертөледе жатқан - видео

фото видеодан скрин

Оралдағы психоневрология диспансердің емделушілерін жертөлеге жатқызған. БАҚ-та тарап кеткен мына видеода науқастар жатқан бөлмелерде терезенің де жоқтығы айтылады. Емделушілер суық бетонда қалың киіммен ұйықтауға мәжбүр екен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Аталған оқиға жөнінде мекеме басшысы да сұхбат берді. Оның сөзінше, ғимаратта жәндіктерді улау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ал, бөлемелерге сыймаған 40-қа жуық емделушіні спорт залға уақытша орналастырыпты. Қоғамдық пікірталас туғызған оқиғаның анық-қанығын білу үшін мұнда бүгін құқық қорғаушылар да келіпті.

Олар науқастар жертөлеге жатқызылмаған дейді.
"Бұл - жертөле емес. Диспансер емделушілері спорт зал мен акт залына жатқызылған. Жәндіктерді улау жұмыстары жүргізілмеген. Мамандардың сөзінше, психоневрология ғимаратында орын болмаған соң, амалсыз осындай шараға барған. Дегенмен, олар уақытылы тамақпен қамтамасыз етіп жатырмыз деп сендірді. Аталған оқиға бойынша, барлық құжаттар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді" - дейді құқық қорғаушы, Павел Кочетков.