Оралдағы тергеу изоляторында тұтқындар әйелдер камерасына өткел жасап алған: кінәлілер жазаланды

0
958

Мекеме әкімшілігі камера араларындағы бүлінген қабырғаларды жөндеген.


Оралдағы тергеу изоляторында тұтқындар әйелдер камерасына өткел жасап алған: кінәлілер жазаланды

ERNUR.KZ. Оралдағы тергеу изоляторда қамаудағы ер адамдар әйелдер камерасына өткізетін өткел жасап алған. Оқиғадан кейін кінәлі шенеуніктер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Бұл деректі мекеме әкімшілігінің қызметкерлері биыл шілдеде анықтады. Қызметтік тергеу нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.

Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі камера араларындағы бүлінген қабырғаларды жөндеген.

"Осындай тәртіпбұзушылықты болдырмау мақсатында әйел адамдарды ұстауға арналған камералар жеке блокқа ауыстырылды", - деп мәлімдеді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, БАҚ-та Оралдағы тергеу изоляторында түсірілген видео пайда болған еді. Кадрда ер адам қабырғадағы тесік арқылы басқа бөлмеге өткені көрінеді. Ролик авторының айтуынша, тұтқындағылар ескі қабырғаны тесіп, әйелдер камерасына кіріп жүрген.