Оралдағы жұлысқан қыз: Мен бір қызды қорғадым​

0
1 886

Барлығы бір қызға жабылды. Ол қыз шамамен 20 жаста, ауылда тұрады.


Оралдағы жұлысқан қыз: Мен бір қызды қорғадым​

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Оралда жұлысқан қыздардың бірі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қыздың айтуынша, бұл жанжалға 6 қыз қатысқан және олар мас болмаған. Сондай-ақ, ол осыған дейін Желі қолданушылары қыздардың жігітті бөлісе алмағаны жайлы нұсқаны жоққа шығарды. Айтуынша, Ұлдана өзінің таныс қызын қорғамақ болған.

"Қыздардың арасында біреуі жергілікті, біреуі басқа жақтан келген деген әңгімелер айтылып жатты. Барлығы бір қызға жабылды. Ол қыз шамамен 20 жаста, ауылда тұрады. Мен сол қызды қорғадым, өзі жас қой. Онымен қоса, оны танимын, бірге жұмыс істейміз. Өзі маған хабарласып, балконнан секіріп кететітін айтты. Ал негізі олардың арасында даудың қалай пайда болғанын мен білмеймін. Оларды танымаймын да, таныс емеспіз", - дейді осы дауға қатысқан қыздардың бірі.

"Мен төбелескім келген жоқ, тек өзімді қорғадым. Не үшін төбелесуім керек? Өзім кафеде жұмыс істеймін, барменмін. Ал ол қыз бізде даяшы болып жұмыс істейді. Ата-аналарымыз осы жағдайды естіген соң ауруханаға түсіп қалды. (...) Кафеден шықсам, қыздар бір-бірімен жұлысып жатыр. Мен тек ол қызды қорғағым келді", - дейді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде жұлысқан қыздардың видеосы жарияланған болатын. Видеода қыздардың ойын-сауық орнынан шыққаны байқалады. БҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның 6 ықшамаудандағы кафе маңында болғанын мәлімдеген болатын.