Оралдық жүргізуші айналдырған бес күннің ішінде 1,5 миллион теңге айыппұл жинап алды

0
1 129

Оралдық "шабандоздың" көлігі арнайы тұраққа жөнелтілді.


Оралдық жүргізуші айналдырған бес күннің ішінде 1,5 миллион теңге айыппұл жинап алды

ERNUR.KZ. Оралда 19 жастағы көлік жүргізушісіне бес күн қатарынан жылдамдықты асырғаны үшін 1,5 миллион теңге айыппұл салында, деп жазады Zakon.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 қыркүйекте хабарлағандай, Suncar Smart Qorgau жүйесі жол қозғалысы кезінде бірнеше рет жылдамдықты шектен асырған ВАЗ-2112 автокөлігін анықтады. Көп ұзамай полицейлер жүргізушіні тоқтатты.


"Жүргізуші 19 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бес күн ішінде жылдамдықты 33 рет асырған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 миллион теңге болды. Жүргізуші айыппұл сомасының 50 пайызын төлеп, қарызды оңайлатылған тәртіппен өтеуге болады", – деді ДП баспасөз қызметі.

Оралдық "шабандоздың" көлігі арнайы тұраққа жөнелтілді.