Оралға апатты жағдайда қону: Түркияға ұшқан лайнердің бортында жасөспірім қайтыс болды

0
825

Түркиялық әуекомпанияның ұшағы Орал қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болған.


Оралға апатты жағдайда қону: Түркияға ұшқан лайнердің бортында жасөспірім қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қазан қаласынан түркиялық Антальяға ұшқан Turkish Airlines әуекомпаниясының TK 3995 рейсінде төтенше жағдай болды: 17 жастағы ресейлік қыз қайтыс болды. Ұшақ дереу бағытын өзгертіп, Қазақстанға қонды, деп жазады tengritravel.kz.

Әуежайдың онлайн-таблосында, ұшақ Қазан қаласынан 17 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 12:44-те ұшып шыққан. Бір кезде жолаушылардың бірі, 17 жастағы мүмкіндігі шектеулі қыздың жағдайы нашарлаған: ұстамасы басталып, жүрегі тоқтап қалған. Осы ұшақта болған екі дәрігер көмекке келген, қыздың жүрегін массаж жасап, жасанды дем беру әрекетін істеген, алайда қызды аман алып қалу мүмкін болмаған.Түркиялық әуекомпанияның ұшағы Орал қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болған. Туристердің айтуынша, олар екі сағаттай жерде қажетті құжаттар әзірлегенін күткен.



16:30-да Boeing 737 Оралдан ұшып кетіп, Трабзон қаласына жанармай құю үшін тоқтаған. Ол жерде жолаушылар әуекемесінің экипажы алмасқанын тағы 2,5 сағат күткен. Антальяға туристер тек 00:20-да жеткен. Негізі ұшақ 17:20-да Түркия жеріне келіп қоюы керек болған.