Оралға рейстер қайта іске қосылады

0
646

Ұшу жиілігі рейстердің шектеулермен жанданғаны айтылады.


Оралға рейстер қайта іске қосылады

ERNUR.KZ. FlyArystan әуекомпаниясы Оралға рейстердің қайта жанданатыны туралы айтты, деп жазады Kaz.tengritravel.kz.

Әуетасымалдаушы компания мәліметінше, Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан және Ақтаудан Оралға 2022 жылдың 20 тамызынан 20 қыркүйекке дейін ұшатын болады.

Ұшу жиілігі рейстердің шектеулермен жанданғаны айтылады.

Айта кетейік, 18 шілдеде Орал қаласының әуежайында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1 тамыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясы ішкі бағыттар бойынша Оралдан/ға орындалатын рейстерді тоқтатқаны айтылды. Алайда "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Орал қаласының әуежайында әуе кемелерінің ұшуын шектемегенін мәлімдеді.