Оралға жақын жердегі қоқыс полигонынан ер адамның мәйіті табылды

0
467

WhasApp мессенджерінде жантүршігерлік көріністің фотосуреті тараған.


Оралға жақын жердегі қоқыс полигонынан ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Круглоозерное ауылы маңындағы қоқыс полигонынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады stan.kz.

Полиция бұл ақпаратты растады.

“Зачаганск полиция бөлімінің байланыс орталығына мәйіт табылды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр”,- деп хабарлады полицейлер.

Мәйіт туралы мәліметтер әлі зерттелуде.