​Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын игермеген

0
1 204

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында алғашқы төрт айда республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы туралы баяндады.


​Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын игермеген

фото today.kz

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында алғашқы төрт айда республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Республикалық бюджет шығыстары 2 триллион 982 миллиард теңгені құрады. 97 миллиард теңге бюджет қаражаты орындалмады. Бұл сома 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге аз. Былтыр 1 мамырда 169 миллиард теңге игерілмеген еді. Оның 11 миллиард теңгесі – үнемдеу, ал игерілмеу сомасы 86 миллиард теңге", - деді министр үкімет отырысында.

Сұлтанов бюджет қаражатын игермеу бойынша қорғаныс министрлігі көш басында екенін атап өтті.

"Ең ірі сома – 35 миллард теңге қорғаныс министрлігінде қалып отыр. Негізгі себептері – әдеттегідей келісімшарттар мен қосымша келісімшарттарды ұзақ жасау, конкурс рәсімдерін кеш әрі ұзақ жүргізу", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 триллион 197 миллиард теңгені құрағанын мәлімдеді.

"Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда игерілмеген сома азайып, 24,5 миллард теңгені құрады. Былтыр 58 миллард теңге игерілмеген еді", - деді министр.