"Өрмекші адам": Елордалық мұғалімді тұрғын үйдің төбесінен жіппен түсіп, құттықтады (видео)

0
805

Бұл жолы Қайратбек Тұрғанжанов "Өрмекші адам" бейнесінде мамандығы мен бала тәрбиесіне 40 жылын арнаған құрметті ұстаз Роза Халесованы құттықтады.


Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде "Өрмекші адам" лақап атымен танымал өнеркәсіптік альпинист Қайратбек Тұрғанжанов көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен жіппен түсіп, құрметті мұғалімді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп жазады Tengrinews.kz

Бұл жолы Қайратбек Тұрғанжанов "Өрмекші адам" бейнесінде мамандығы мен бала тәрбиесіне 40 жылын арнаған құрметті ұстаз Роза Халесованы құттықтады.

"Өрмекші адам" - адамдарға жақсылық жасайтын жағымды кейіпкер.Менің балаларым да, шәкірттерім де "Өрмекші адам" сияқты адами қасиеттерімен көрініп, жақсылық жасай берсін деп тілек етемін. Бұл тосынсый болды. Керемет! Сіздерге көп рақмет", - деді Роза Халесова.