Орта персонал саналатын санитариялық дәрігерлердің жалақысы өседі

0
1 122

1 қыркүйектен дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жалақысы көтеруге бағытталған Үкімет қаулысы шықты.


Орта персонал саналатын санитариялық дәрігерлердің жалақысы өседі

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орта персонал саналатын санитариялық дәрігерлердің еңбекақысы өсетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Санитариялық-эпидемиологиялық мамандар қазір мемлекеттік қызметшілерге жатады. Былтырдан бастап барлық мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы көтерілді. Енді біз осы салада жұмыс істейтін орта персоналдың жалақысын 16 пайызға көтеруді жоспарлап отырмыз», - деп мәлім етті Ажар Ғиният.

Еске салайық, 1 қыркүйектен дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жалақысы көтеруге бағытталған Үкімет қаулысы шықты.