Өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына үш бөлмелі пәтер берілді

0
2 498

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.


Өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына үш бөлмелі пәтер берілді

ERNUR.KZ. Өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына жаңа пәтер берілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған. Мәселен, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды.

Сондай-ақ, балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып беріпті.

Қоғамдық ұйымдар, демеушілер 3 миллион теңгеден астам қаржы жинап, материалдық көмек көрсеткені де айтылады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.



Еске салайық, 19 ақпанда Жаңатас қаласында бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шығып, оның салдарынан 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала қайтыс болғаны хабарланған. Өрттің алдын ала себебі - жанғыш материалдың бетіне ашық оттың түсуі. Балалар көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болған.