Өрттен көз жұмған бес қыздың ата-анасы бала асырап алуға құжат дайындауда

0
1 447

Жанымгүл жолдасымен бірге қызмет көрсету станциясын ашып, онда екеуі де жұмыс істейтінін, болашақ баласын толық қамтамасыз ете алатынын атап өтті.


Өрттен көз жұмған бес қыздың ата-анасы бала асырап алуға құжат дайындауда

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы өрттен қайтыс болған бес қыздың ата-анасы бала асырап алуға дайын және тиісті құжаттарды жинап жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанымгүл Ситер жұбайы Евгениймен бірге бала асырап алатынын, тіпті, қажетті құжаттарды жинап жүргендерін жеткізді.
"Иә, бұл рас. Бала асырап алуға құжат тапсырмадық, енді жинап жатырмыз. Ойымызға мұндай шешім жайдан-жай келді. Бастамашы мен болдым", - деп ол қысқа қайырды.
Сондай-ақ, Жанымгүл жолдасымен бірге қызмет көрсету станциясын ашып, онда екеуі де жұмыс істейтінін, болашақ баласын толық қамтамасыз ете алатынын атап өтті.
Ситер отбасы бала асырап алуға құқығы бар ма деген сұрағына Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жауап берді.
"Қолданыстағы заңға сәйкес, әркім бала асырап алуға өтініш беруге құқылы. ҚР заңында белгіленген қажетті құжаттар пакетін ұсынған кезде, тиісті өмір сүру жағдайлары, өмір сүру жағдайы, тәрбие мен баланы қаматамасыз ету, сондай-ақ қамқорлық пен қорғаншылық органдарының оң пікірін алған уақытта кандидаттар бала асырап алғысы келетін адам ретінде тіркеледі.
Асырап алынған балаларға бақылауды қамқоршылық пен қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын орган жүргізеді. Сонымен бірге, бала асырап алушы бала 18 жасқа толғанға дейін оның өмір сүру жағдайы, денсаулығы мен күтімі туралы есеп беруі керек", - деп жауап берді әкімдік қызметкерлері.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда осы жылдың 4 ақпанда времянкадан өрт шығып, бір үйдің бес қызы көз жұмған еді.