ОСК "бәріне қарсымын" бағаны қандай жағдайда таңдалатынын түсіндірді

0
423

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау парақшасында "бәріне қарсымын" бағаны болатынын айтқан.


ОСК

ERNUR.KZ. ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ведомство отырысында ел президентін сайлауда азаматтар қандай жағдайда барлығына қарсы дауыс бере алатынын нақтылады, деп жазады zakon.kz.

Бұл сауалды журналистер көтерді. Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау парақшасында "бәріне қарсымын" бағаны болатынын айтқанын еске салды. Осыған байланысты олар кезектен тыс президентті сайлауға арналған бюллетеньдерде осындай баған болатын, болмайтынын сұрады.

"«Бәріне қарсымын» бағаны заңмен қарастырылған – әрине, ол болады. Егер азамат ешбір кандидатты таңдамаса, ол барлығына қарсы дауыс беруге құқылы", - дейді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.