ОСК сайлаушылардың жартысы қарсы дауыс берген жағдайда не болатынын айтты

0
593

Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте журналистер сайлаушылардың елу пайыздан астамы қарсымын деп дауыс берсе, не болатынын сұрады.


ОСК сайлаушылардың жартысы қарсы дауыс берген жағдайда не болатынын айтты

ERNUR.KZ. Қазақстан заңнамасында сайлаушылардың жартысынан көбі "бәріне қарсымын" деген тармақты таңдаса, сайлаудың әрі қарай өту тәртібі реттелмеген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте журналистер сайлаушылардың елу пайыздан астамы қарсымын деп дауыс берсе, не болатынын сұрады.
"Қазіргі қолданыстағы заңда бұл мәселе реттелмеген. Сондықтан ондай жағдай қалыптасса, қай кандидат елу пайыздан көп дауыс алады, сол жеңген болып есептеледі. Егер бірінші турда елу пайыздан көп дауыс жинаған кандидат болмаса, екінші тур өткізіледі. Ең көп жинаған екі адам жарысқа түседі. Кім көбірек дауыс алады, сол жеңген болып саналады", - деп түсіндірді Өтемісов.