Өскеменде 3 бірдей оқушыны көлік қағып кетті

0
515

13-14 жас аралығындағы балалар жаттығудан шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан.


Өскеменде 3 бірдей оқушыны көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында көлік қаққан 3 оқушы ауруханаға түсті, деп жазады inform.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні кешкі уақытта болған.

13-14 жас аралығындағы балалар жаттығудан шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан.

«Сәтбаев көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысында келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 3 баланы қағып кетті. Соның салдарынан түрлі дене жарақатын алған үшеуі де ауруханаға жатқызылды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.