Өскеменде балалар үйінен жоғалып кеткен қыз табылды

0
606

Қыз тәрбиешілердің қамқорлығына қайтарылды.


Өскеменде балалар үйінен жоғалып кеткен қыз табылды

ERNUR.KZ. Кәмелетке толмаған баланың жоғалғанын 10 маусымда Өскемен қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» жедел арнасына тәрбие мекемесінің 47 жастағы қызметкері мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Тәрбиешінің айтуынша, бойжеткен балалар үйінің ғимаратынан шығып, қайта оралмаған.

Өскемен полициясының жеке құрамы дереу іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалғанды таныстарының үйінен тапты. Бойжеткен бұл әрекетін балаларға арналған баспанада өмір сүргісі келмейтіндігімен түсіндірді.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қыз тәрбиешілердің қамқорлығына қайтарылды.