Өскеменде егде жастағы ер адам оқушы қызға шабуыл жасаған

0
615

Күдікті қамауға алынды.


Өскеменде егде жастағы ер адам оқушы қызға шабуыл жасаған

ERNUR.KZ. Өскеменде ер адам үйдің кіреберісінде оқушы қызға жасалған шабуыл жасаған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, бейнекадрдан қыз бала үйге кіре берген сәтте оның артынан ер адамның жүгіре жеткенін көруге болады. Бастапқыда телефонмен сөйлесіп тұрғандай кейіп танытқан күдікті есіктен кіріп үлгергенімен, артынша жылдам қаша жөнеледі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қаскөй қызға тарпа бас салып, қолымен аузын жаппақ болады. Дегенмен айқайлап үлгерген қыздың дауысына көршілері жүгіріп шыққан. Оны көрген ер адам жылдам қашып кеткен.

Оның нендей мақсатты көздегенін тергеушілер анықтайтын болады. Күдікті қамауға алынды.

«Аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, ер адамның жеке басы анықталды, ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу амалдарын жүргізу үшін күдікті Өскемен қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ШҚО департаментінің баспасөз қызметі.