Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті

0
595

Азамат екіқабатты тұрғын үйдің шатырында өлшеу жүргізіп жатқанда абайсызда құлап кеткен.


Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті, деп жазады inform.kz.

Оқыс оқиға 15 қараша күні қаладағы Шәкәрім даңғылында болған.

Асфальт үстінде қимыл-қозғалыссыз жатқан ер адамды байқаған куәгерлер полицияға хабар берді.

Алдын ала дерек бойынша, азамат екіқабатты тұрғын үйдің шатырында өлшеу жүргізіп жатқанда абайсызда құлап кеткен.

«Қазіргі уақытта бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. 31 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.