Өскеменде әйел зорлаған күдіктіні қызметтік ит ұстап берді

0
1 244

Қолға түскен адам қазіргі уақытта Үлбі аудандық полиция бөлімшесінде


Өскеменде әйел зорлаған күдіктіні қызметтік ит ұстап берді

ERNUR.KZ. Кеше Өскемен тұрғыны өзін белгісіз еркек пәтерге алдап апарып ұрып-соққанын, зорлық қылғанын айтып патрульдік топтың жетекшісі Дулат Трумовқа шағымданған. Оқиға Космическая көшесіндегі үйлердің бірінде болыпты, деп жазады altaynews.kz.

Топ жетекшісі оқиға туралы дереу орталық бөлімшеге хабар беріп, күдіктіні іздеуге кіріседі.

"Космическая көшесіндегі бір үйдің ауласында шағымданушының сипаттамасына келетін 50 жастағы еркек тоқтатылды. Тексеру барысында,ол 5518 әскери бөлімінің патрульдік тоьына бағынбай қарсылық көрсеткен. Оқиғаны тәптіштеп айтып беруін өтінгенде аулалармен жалтара қашыпты. Сол сәтте күдіктіні кинолог Мәди Таиевтің қарамағындағы ит ұзатпай ұстап алған" деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Бағдат Амангелді.

Шағымданушы күдіктіні бірден таниды.

Қолға түскен адам қазіргі уақытта Үлбі аудандық полиция бөлімшесінде. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.