Өскеменде иттерді серуендетуге арналған алаң ашылады

0
966

Ит асырайтын қала тұрғындары алаңға тек пластикалық пакет болған жағдайда ғана кіре алады.


Өскеменде иттерді серуендетуге арналған алаң ашылады

ERNUR.KZ. Алдағы уақытта Өскеменде иттерді серуендетуге арналған алаң ашылмақ, деп жазады altaynews.kz.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Самал саябағында иттерге арналған алаңның ашылуы жайлы ұсынысқа қолдау танытты. Осыған байланысты, енді саябақ аумағында үй жануарларын қыдырту үшін жер беріліп, алаң арнайы дуалмен қоршалатын болады.

"Ит асырайтын қала тұрғындары алаңға тек пластикалық пакет болған жағдайда ғана кіре алады. Бұл ескертпе қоршау сыртында жазулы тұрсын. Әр келуші саябақтағы тазалық талаптарын сақтауы тиіс" – дейді аймақ басшысы.