Өскеменде қар жауып тұр

0
1 746

Шығыстың бас шаһарында жаңбырдың соңы қарға ұласты


Өскеменде қар жауып тұр

ERNUR.KZ. Өскеменде қар жауып тұр, деп жазады altaynews.kz.

Шығыстың бас шаһарында жаңбырдың соңы қарға ұласты. Ақ мамықтар тұтас басып қалмаса да, таң бозында біршама қапалақтады. Естеріңізде болса, біз бұған дейін күн салқындап, ауа температурасы төмендейтінгін жайында жазған едік.

Ал бүгінгі күнге қатысты синоптиктер не дейді?

«Қазақстан кейбір облыстарында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендейді», – деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.