Өскеменде қария күшіктерді балталап тастаған

0
631

Ер адамның мұндай іске не себепті барғаны белгісіз.


Өскеменде қария күшіктерді балталап тастаған

ERNUR.KZ. Өскеменде қария күшіктерді балталап тастаған. Кішкентай тіршілік иелерін аяусыз өлтірген видео желіде тарады, деп жазады inbusiness.kz.

"Мұны жасаған қаскөйді полицейлермен бірге 12 сағат іздеп, таптық. Өскемен қаласының қарт тұрғыны екен. Ол Үлбі полиция бөліміне жеткізілді. Ал, өлтірілген күшіктердің кімдікі екенін білмейміз", - деді "Дворянин" жануарлар құқығын қорғау ҚҚ басшысы Лариса Прокопьева.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам ұсталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.