Өскеменде Өзбекстанның 21 азаматы құрылыс жұмыстарына заңсыз тартылған

0
868

Өзбекстанның 21 және Тәжікстанның 13 азаматы Өскемен қаласында жеке тұрғын үй құрылысымен заңсыз айналысқан.


Өскеменде Өзбекстанның 21 азаматы құрылыс жұмыстарына заңсыз тартылған

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында көші-қон қызметінің мамандары құрылыс жұмыстарына заңсыз тартылған шетелдіктерді анықтады, деп жазады stan.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өзбекстанның 21 және Тәжікстанның 13 азаматы Өскемен қаласында жеке тұрғын үй құрылысымен заңсыз айналысқан. Еңбек мигранттарын тәртіп сақшылары "Учаске" жедел алдын алу шарасы аясында анықтады.

Уәкілетті органның рұқсатынсыз жер үйлердің құрылысына тартылған шет елдік азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен жауапқа тартылып, елден шығарылды.

"Сондай-ақ заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған 6 жұмыс беруші де жауапқа тартылды. Нақты айтқанда, олардың әрқайсысы 100 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы жедел алдын алу шарасы басталғалы бері облыс бойынша ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жүзден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - делінген ақпаратта.