Өскеменде тыр жалаңаш жолда жатқан ер адам табылды (видео)

0
2 268

Даладағы сынап бағаны минус 35-ке дейін төмен болған.


Өскеменде тыр жалаңаш жолда жатқан ер адам табылды (видео)

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында жол бойында қан-қан болып жатқан жалаңаш адамды тауып алды, деп жазады Zakon.kz.

"Оқиға 21 қарашада болды, сынап бағаны минус 35-ке дейін төмен еді. Сағат 05.30 шамасында "Қыран-74" патрульдік бригадасы кезекшілік кезінде жол ортасында жатқан жалаңаш адамға тап болған. Ер адам қар үстінде қимылсыз жатқан, бетін қан жуған" - делінеді хабарламада.


Полиция аға лейтенанты Қанат Асылғазин мен Дамир Ауғанбаев ер адамның тірі екенін байқап, 102 шұғыл байланыс желісіне және жедел жәрдем қызметіне дереу хабарласқан. Олар жедел жәрдемді күтпестен, жалаңаш адамды патруль көлігінің салонына кіргізген, бірақ ер адам қарсылық білдіріп, өзін түсініксіз ұстаған.

Қазіргі уақытта бұл жағдайдың мән-жайы анықталуда.